СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 мамырда Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл - Петропавл тасжолының 39-шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard көліктері соқтығысты. Салдарынан 6 адам зардап шекті. Олардың арасында оқиға орнында қайтыс болған 64 жастағы Toyota Alphard жолаушысы бар.
Қалған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас болмағаны анықталған. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылған.
Жол апаты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажет сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!