Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
16 маусымда сағат 07:55-те СҚО Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау-Омбы автожолының 53 шақырымында Lexus және "ВАЗ-2104" автомашиналары соқтығысқан.
Алдын ала болжам бойынша, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы жол жолағына шығып кеткені анықталды.
Апат салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде 2 автокөліктің жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды.
Жол апаты дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет "бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!