- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да есірткі зертханасы...
СҚО-да есірткі зертханасы жойылды
СҚО-да есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің назарына Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық азамат ілікті. Қолда бар ақпарат бойынша, олар Петропавлға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген.
Қызметтік іссапар барысында солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастыруға қажетті жабдықтар мен 90 келі прекурсорлар жеткізілген Алматы облысындағы жалдамалы үйдің орналасқан жерін анықтады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша зертхана 18 келіге жуық есірткі өнім шығармақ болған. Есірткі өндіруге жол берілмеді, күдіктілер Петропавл қаласына жеткізіліп, қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс материалдары ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз пайдаланған деген айып бойынша сотқа берілді. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина