Солтүстік Қазақстан облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасында ТЖД құтқарушылары, ПД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар бірлесіп, 1981 жылы туған азаматты іздеді.
"Ер адам Имантау ауылынан жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кеткен. Іздеуді күшейту үшін дрон қолданылды. Құтқарушылар Имантау ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы ашық аумақтан жоғалған азаматты аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді", - делінген хабарламада.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда милиция шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты іздестіріп жатқаны туралы хабарланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!