- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да екі бала...
СҚО-да екі бала коронавирус жұқтырды
Солтүстік Қазақстан облысының тағы үш тұрғынынан коронавирус анықталды.
Бұл туралы СҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова мәлімдеді. Оның ақпаратына сәйкес, инфекция 2015 жылғы бала ағзасынан оң нәтиже көрсеткен. Ол әкесімен провизорлық стационардан шығуға дайындалып жатқан екен. Енді карантин ұзартылады, медициналық бақылау жалғасады. Науқас "Бірінші қалалық ауруханадағы" жұқпалы аурулар бөліміне оқшауланды.
Сондай-ақ, коронавирус Петропавл қаласында тұратын 87 жастағы әйелден табылды. Ол науқас адаммен байланыста болғандардың қатарынан және қазір ауруханада.
СҚО-да коронавирус жұқтырған барлығы 11 адам бар. Олардың екеуі медицина қызметкері, үшеуі Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 12.00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: жалпы 448 науқас тіркелді.
Г. Берік