СҚО-да дүкеннен бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

СҚО-да дүкеннен бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы дүкендерден балалар үшін қауіпті ойыншықтар табылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Облыстың санитария дәрігерлері олардың құрамындағы фенолдың мөлшері нормадан 10 есе асып кеткенін айтқан.

Алынған сынамалардың жартысынан астамы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді. Роботтардың, қуыршақтардың және сквиштердің химиялық құрамы мамандарды таңғалдырған. Ойыншықтар формальдегид, ксилол, гептан, фенол және метил спирті сынды қауіпті қоспалармен өңделген.

"Стресске қарсы ойыншық мүлдем талапқа сай емес. Кішкентай балалардың тістері мен қызыл иектері қышығанда қолданылатын дәмді ойыншықты бала аузына салады. Оның құрамындағы феноль мөлшері он есе көп. Бұл балалар үшін аса қауіпті", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Татьяна Горлова.

Санитария дәрігерлер мұндай ойыншықтар аллергия, демікпе ұстамаларын тудыратынын айтады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова