СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің бірінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 26 мамырда болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қазір бұл қызметкер ІІО-дан шығарылды.
Үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазір ҚАЖ қызметкері болып табылатын жәбірленуші Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!