Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем бригадасы чечилге (ірімшікке - еск.) шашалып, асфиксия салдарынан жағдайы нашарлаған 50 жастағы ер адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық жедел медициналық көмек орталығының баспасөз қызметі мәліметінше, 103 пультіне Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан шақырту түсіп, ер адам демала алмай жатқаны айтылған.
"Бригада жеткен бойда науқас клиникалық өлім жағдайында болды, ЭКГ мониторында тамыр соғысы байқалмады", - деп мәлімдеді медициналық мекеме өкілдері.
Фельдшерлер жансақтау шараларын бастап, жүрекке жанама массаж жасап, жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.
Тікелей ларингоскопия кезінде фельдшерлер бөгде затты, яғни ірімшікті тауып, сыртқа шығарған. Осыдан кейін де ол есін жимаған.
СҚО жедел медициналық көмек орталығы ұсынған
Сол кезде мамандар өкпені жасанды желдетуді жалғастырған.
"Қазір науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деді облыстық жедел медициналық көмек орталығы өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова