- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да білім бөлімінің...
СҚО-да білім бөлімінің басшысы қамауға алынды
Фото:
Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz
СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің басшысы С.М. Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.
Петропавл мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М. Рамазанова қамауға алынды.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек