- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот үкімі
СҚО-да бизнестегі бәсекелесін отбасымен өлтіріп кеткендерге үкім шықты
Петропавлда үш адамның өліміне қатысты сот отырысы аяқталды. Бұл 2023 жылы болған оқиға. Рабочий ауылында бір үйдің үш адамы асқан айуандықпен өлтірілді: әкесі, анасы және олардың кәмелетке толмаған ұлы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні олардың қызы ғана аман қалған. Себебі ол сол күні Ресейде болған екен.
Марқұм ерлі-зайыптының қалада жерлеу рәсімін ұйымдастырумен айналысатын фирмалары болған. Тергеу мәліметтері бойынша, олардың мерт болуына кәсіптегі бәсеке себеп болған. Бұл іс бойынша үш адам күдікке ілінген, олар: жерлеу рәсімін ұйымдастырумен айналысатын шағын агенттіктің басшысы Сергей Емьянов, оның қызметкері Данил Орлов және басқа агенттіктің тең иесі Ирина Скоробогатова, ол арандатушылық жасады деп айыпталды.
Іс материалдарына сәйкес, күдіктілер ерлі-зайыптының үйіне басып кіріп, үй иелерін өлтіріп кеткен. Олардың баласы қылмысты өз көзімен көргендіктен, күдіктілер оны да өлтіріп кеткен.
Тергеу барысында Скоробогатова марқұмдармен бәсекелес болғаны анықталды. Бұған Емельянов екеуінің жазысқан хаттары дәлел болған.
Сотта Емельянов пен Орлов кінәсін мойындамады.
Сот үкімі бойынша Емельянов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал Орлов 21 жыл 8 ай мерзімге сотталды.
Скоробогатова қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып, 3 жылға сотталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина