Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз иемденген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
СҚО прокурорлары тексеру қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарының қызметінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның кінәлі адамы мемлекет бюджетіне келтірілген зиянды толық көлемде өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінің қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады.
Бұл әрекеттердің барлығы соңғы 3 жылда 2021-2024 жылдар аралығында жасалған.
Сонымен қатар, Айыртау аудандық прокуратурасымен аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.
Тексерулер барысында басқа да заң бұзушылықтар анықталып, тиісті қадағалау актілері енгізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!