- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да ауыл тұрғынының...
СҚО-да ауыл тұрғынының үйінен екі қап марихуана тәркіленді
СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен екі қап марихуана тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасаап.
Солтүстікқазақстандық полицейлер Аққайың ауданының 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана тәркіледі. Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр. Ас үйдегі газды плитаның артында өсімдік тектес зат салынған 2 қап анықталып, тәркіленді. Оның жалпы салмағы - 8 келі 910 грамм.
Ұсталғанның айтуынша, алкогольдің орнына жабайы қарақурайды пайдалану үшін ірі мөлшерде сақтап келген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
"Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсіру деректері болған-болмағанын анықтау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жылдың басынан облысымызда 59 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды", – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина