- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да ауыл тұрғыны...
СҚО-да ауыл тұрғыны отбасылық жанжал бойынша шақыртуға келген полицейге кедергі келтірген
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны учаскелік полиция инспекторына отбасылық жанжал бойынша шақыруға келгенде кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының полиция бөліміне Мамлютка қаласының Железнодорожная көшесінде тұратын 57 жастағы ер адамның қатысуымен болған отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы барды. Отбасылық жанжалқойға қатысты материал жинау барысында учаскелік инспектордың жұмысына көрші тұратын аудан орталығының басқа 40 жастағы тұрғыны күтпеген жерден кедергі келтіре бастады. Полицейдің отбасылық дау-дамайға шақыруға кедергі жасамау туралы өтініштеріне ер адам құлақ аспады, осылайша құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбады.
Отбасылық жанжал үшін ұсталған 57 жастағы ер адамды полиция бөліміне жеткізгеннен кейін, учаскелік полиция қызметкері Мамлюттің 40 жастағы тұрғынының үйіне оралды, бұған дейін ол оның қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген еді.
Ер адамнан әңгімелесу және хаттама рәсімдеу үшін көшеге шығуын өтінді. Алайда учаскелік инспекторды көргенде, үй иесі жеке үйінің ауласына тұмылдырығы жоқ итін босатып жіберіп, учаскелік полиция инспекторымен сөйлесу үшін үйдің қоршауынан ары шығудан бас тартты.
Осы факт бойынша 40 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 2-бөлігі бойынша материал жиналып, процестік шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жіберілді. Бұл баптың санкциясы он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан