- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да анасы сабағын...
СҚО-да анасы сабағын оқымаған қызын пышақтаған
Солтүстік Қазақстан облысында анасы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады.
"Алдын ала болжам бойынша анасы 11 жастағы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған. Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр", - дейді Зәкиева.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Комиссия құрылып, сараптама жүргізіле бастаған.
"Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында", - дейді Зәкиева.
Бұл іске қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді.
"Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетілуде. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетілетін болады. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина