СҚО-да алқабилер қарашылық жасап, кісі өлтірген екі адамды ақтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғарғы сот мәліметінше, СҚО ҚМАС-да қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген айыппен екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы), ҚҚ-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7, 8-тармақтары), соның бірі – бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған (ҚК 188-бабы, 3-бөлігі, 1, 2, 3-тармақтары). Істі алқабилер қарады.
Айыпталушы (тонау мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында) жәбірленушінің үйінің ауласына кіріп, оны өлтіріп, 150 мың теңгесін ұрлап кеткен. Екі айдан кейін айыпталушылардың бірі әжесінің, одан кейін досының 2 млн теңгеден астам ақшасын ұрлаған.
Тонау және кісі өлтіру бойынша айыпталушылар кінәсіз деп танылып, кінәлары дәлелденбегендіктен ақталды. Олардың бірі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның кінәсі мойындауларымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмағандығы, кінәсін ішінара мойындауы және 3-топтағы мүгедектігі барлығы аталды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!