- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да 44 жастағы...
СҚО-да 44 жастағы ер адам мұнараның басынан секірмек болған
СҚО-да полицейлер 20 метр биіктен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бірер күн бұрын, сағат 15:00 шамасында СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Смирново ауылының су мұнарасының басында тұрған ер адам туралы хабарлама келіп түсті.
"Дабыл сигналы бойынша оқиға орнына полиция, ТЖ бөлімі, прокуратура, медициналық қызмет қызметкерлері келді. 44 жастағы жергілікті тұрғын 20 метр биіктіктен секіремін деп қорқытқан. Сол жерде онымен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Руслан Байжанов келіссөз жүргізді", - делінген хабарламада.
Polisia.kz
Кейін мұнараның төбесіне ЖПҚ бөлімшесінің бастығы Александр Лизун шыққан.
"Ауыл тұрғынының эмоционал жағдайын ескере отырып, басты міндет оны секіруден сақтау болды. Ұзақ уақыт бойы онымен сөйлесіп, тыныштандыруға тырыстым. Сәтті жағдай пайда болған кезде қолынан ұстап, төмен жаққа түсуге көндірдім. Баспалдақта полиция бастығының орынбасары Николай Попов күтіп тұрды, түсу кезінде ол ер адамды сақтандырып тұрды", – деді Александр Лизун.
Қазіргі уақытта ер адаммен психолог жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан