СҚО-да 28 қызметкердің жалақысынан ақша ұстап қалған басшы жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында қызметкерлердің жалақысынан әлеуметтік төлемдер негізсіз ұсталғанын анықтады.
Атап айтқанда, Айыртау ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, 28 қызметкерден ынталандырушы үстемеақыларды өтеу есебінен 1,3 млн теңге мөлшерінде жалақы ұстаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз ұсталған сомалар төленді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде орталықтың 28 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!