Астана - Петропавл тасжолының 436-шақырымында Ленинское ауылы маңында Volvo жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 63 жастағы қырғызстандық рөлге ие бола алмай жол шетіне шығып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 тонна сыра тасымалдаған фура оң қабырғасына аударылған. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігіне механикалық зақымдар келген. Полиция қызметкерлері және өтіп бара жатқан жүргізушілер Қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің хабарламаларын бақылауды, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді, жылы киімдер мен құрал-саймандарының болуын қатаң ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!