- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО бойынша ҚАЖД...
СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталды
Фото:
gov.kz/Әділет Мұстафинов
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антикор ақпаратты растады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - деп жазылған Антикордың Tengrinews.kz-ке жауабында.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД сайтының мәліметінше, 2023 жылғы мамырда аймақтың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына Әділет Мұстафинов тағайындалған.
Әр жылдары ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызмет атқарды, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығы болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова