Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде сепаризм әрекетіне қатысы бар қазақстандықтар сотталғанын және сепаратистермен қалай күресетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанда мұндай бірен-саран оқиға болды. Облысымызда да осындай жағдай тіркелді. Бүгінде бұл (сот) процесі ашық өтті. Өткен аптада бұл қозғалысты ұйымдастырып, заңды бұзғандар жауапқа тартылды. Мен бір ғана фамилияны айтамын. Ол – Вячеслав Зудерман. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді олбыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ғауез Нұрмұхамбетов облыста сепаратизм болмас үшін қандай жұмыс істелгеніне тоқталды.
"Қазіргі таңда облыста сепаратизм сияқты мәселемен Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтар айналысады. Мен этномәдени орталықтарға барып, олардың басшыларымен кездестім. Олар – өте тәжірибелі. Бүгінде басшылар қоғамда сепаратизм болмауы үшін адамдармен кездесіп, жұмысты істейді", - деді ол.
Облыс әкімі сепаратистермер күш құрылымдары да күресетінін еске салды.
"Құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары бар. Алдымен олар жағдайды қадағалап бақылайды. Мұнда полиция департаментін де атап өту керек. Олар да мұндайға жол бермес үшін жағдайды бақылап отырады. Өкінішке қарай, Петропавлда осындай жағдай болып, заң бұзылды. Әрине, бұл адамдар сотталып, тиісті жазасын алды", - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!