Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны атап өтілген. Олардың әрқайсына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 484 адам жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!