Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттардың Астана атауын елордаға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Елорданың атын өзгерту туралы идея қоғамда көптен бері талқыланып келеді. Әрине, бұл назар аударуға тұрарлық. Оны "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы қарауға ұсынды. Менің ойымша, қоғамда талқыланған мәселе Парламентте қаралады деп ойлаймын", - деді Роман Скляр үкімет отырысында.
Ол қоғамның бұған қалай қарайтынын бақылау үшін сәл күтуді өтінді.
Осы мәселеге қатысты өзінің жеке пікірі туралы сұраққа жауап берген вице-премьер оның қызметінің бағыты сәл басқаша екенін атап өтті.
"Әрине мен де Қазақстан Республикасының азаматымын. Менің өз пікірім бар, бірақ мемлекеттік қызметкер ретінде... Ал енді мен сізге мемлекеттік қызметкер ретінде емес, Қазақстан азаматы ретінде жауап берер болсам...... Бұл сұраққа бір кездері мен де жауап берермін. Күте тұрайық. Бұл мәселе кеше ғана көтерілді, ойланып, шешім қабылдауға біраз уақыт керек", - деп қосты Скляр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!