Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша айыптаушы тарапта болған прокурор Айжан Аймағанова Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біздің жазбаның астына және айдарымызға сіздерден Шерзаттың ісі бойынша көп сұрақтар түсіп жатыр. Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегімді қозғады, бірақ - бәрі заңға сәйкес болады. Біз бір қағиданы түсіну керекпіз: әр біреуіміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару - ол міндет. Мен сенімдімін, Алматы облысындағы менің әріптестерім өз жұмысын адал атқарып жатыр", - деп жазды Аймағанова.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты. 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған. Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Кейін ол 15 тәулікке қамалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз