“СҚ-Фармация“ ісі: бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды

“СҚ-Фармация“ ісі: бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды
Фото: depositphotos.com

"СҚ-Фармацияға" қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, ол тергеліп жатыр", - деді Елемесов Сенаттағы брифингте.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қылмыс белгілері барын айтып, "СҚ-Фармация" басшылары жай ғана жұмыстан босатылғанына күмән келтірді. Депутат арыз жазуға уәде беріп, оларды Антикор, ҚМА және Бас прокуратураға тапсыруды талап етті. 

Кейінірек ол "СҚ-Фармация" ЖШС, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы, Бірыңғай дистрибьютор және еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың қызметіне қатысты Бас прокуратураға арыз түсірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget