Сиар етінің адам денсаулығына әсері туралы түрлі пікір айтылады. Бірі сиыр етін пайдалы, тойымды десе, енді бірі оның зиян, түрлі ауру тудыруы мүмкін екенін айтып әлек. Сиыр еті адам ағзасы үшін шынымен де қауіпті ме?
Сиыр етінің зияны
Сиыр етінің барлық пайдалы қасиетіне қарамастан, оны шамадан тыс тұтыну денсаулыққа қауіпті. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қызыл ет жүрек-қан тамыр ауруларының дамуына ықпал етеді екен.
Қаныққан майлар
Сиыр етінің кейбір түрлерінде май, оның ішінде қаныққан май көп. Қаныққан майды көп мөлшерде тұтыну қандағы холестерин деңгейін жоғарылатып, жүректің ишемиялық ауру қаупін арттыруы мүмкін.
"Қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады"
Франциядағы қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттік өңделген, яғни консервіленген, ысталған етті бірінші деңгейдегі канцероген ретінде жіктеп, оның көп тұтынылуы темекі мен алкоголь сияқты теріс әсер етеді деген қорытындыға келген.
Ал жаңа сойылған етті ұйым 2а санатына кіргізді, бұл ықтимал канцероген дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ішек қатерлі ісігінің көрсеткіштерін зерттеу кезінде еттің кішкентай бөлігінің өзі қатерлі ісікті дамытуы мүмкін екені анықталды.
Сиыр етін күніне қанша мөлшерде жеуге болады?
Ғалымдар сиыр етін тұтынуды күніне 70 граммға дейін азайтуды ұсынады. Ал ет бөлігінің құрамында холестерин мен қаныққан май аз болуы үшін "майы жоқ кесекті" таңдаған дұрыс.
Америкалық онкологиялық институт сиыр немесе кез келген басқа етті аптасына үш ретке дейін шектеуді ұсынады. Адамның салмағы, жасы және физикалық белсенділік дәрежесіне қарай сиыр етін 7 күнде 350-500 граммнан артық жеуге болмайды екен.
Сиыр етін пісірер алдында көзіңізге көрінген майды мүмкіндігінше кесіп тастауға тырысыңыз. Ал пісіру үшін гриль секілді майы ағып кете алатындай әдісті таңдаңыз.
Мұздатқышта тұрған сиыр етін қалай дұрыс еріту керек?
Мұз қатып тұрған етті микротолқынды пештің "жібіту" режимін қолдану арқылы ерітуге болады. Бірақ етті мұндай жолмен ерітетін болсаңыз, оны бірден дайындау керек.
Ал егер тағамды асықпай дайындаймын деп жоспарласаңыз, етті тоңазытқышта еріткен абзал. Бұл жағдайда етті +4 градустан төмен температурада екі күнге дейін сақтауға болады.
Ескертетін жайт, сиыр еті еріген кезде бактерия тарататын сұйықтық шығуы мүмкін. Сондықтан еттің өзі және ет тиген барлық жерді мұқият жуу қажет.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар ет жүрек-қан тамырларына зиян екенін анықтаған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазіргі заман айтысының мақсаты мен міндеттері қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!