- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сиви махмуди күйеу іздеу
Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды
Танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өнер иесінің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған.
"Бастамашы: СЖҚІА. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті", - делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жариялаған хабарламасында.
Massaget.kz редакциясы Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялануына қатысты Антикорға сауал жолдады.
Еске салайық, былтыр әнші Сиви Махмуди 10 жыл бірге тұрған күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтқан еді.
"Ажырасқалы сұхбат берген жоқпын. Екі жыл өтті. Кішкене шет-жағасын айтып берсем болады деп ойлаймын. Бізде басынан дұрыс басталған жоқ. Кейбіреулер "басы қатты болса, аяғы тәтті болады" дейді ғой. Басынан ата-ананың разылығы болмаса, ары қарай да дұрыс болмайды. Себебі ата-ана сезеді, біледі. Басында ата-анам қарсы болды. Ол кісілер білген бойда сұрастырған. Жиырмадан енді асқан кезде тұрмысқа шығып кеттім. Шыны керек, он жыл отастық. Ешқандай өкініш жоқ. Тағдырым кинодағыдай болса да, оңай болған жоқ. Қыздар да бар шығар. Бірақ қазақтың жігіттері намысшыл ғой. Достары "әйелің жұлдыз, сен қорқасың ба, үйден шықпайсың ба?" дегендей айтады ғой. Сол достарының әсері болды", - дейді әнші.
Әнші 2021 жылдың 20 желтоқсанында ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек