Сиви Махмуди жаңа оқу жылына балаларына көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында бөлісті.
"Оқу жылының басталуы құтты болсын, балаларыма көлік сыйлауды шештім. Барлық бала бақытты болсын. Балапандарыма биылғы жаңа оқу жылына көлік сыйладым", - делінген видео жазбасында.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің балаларына жасаған мұндай сыйлығына тәнті болса, енді бірі оны сынға алды.
"Құтты болсын, әйелдердің қолынан бәрі келеді", "Құтты болсын! Қуанышқа бұйырсын. Адал еңбегіңіздің арқасы", "Балапандарды жолда қалдырмасын", "Құтты болсын. Қуаныштарыңа ортақпын".
"Мақтаншақ", "Ақша не істетпейді?" - деп жазған пікір білдірушілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!