- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сириядан қазақстандық әйел...
Сириядан қазақстандық әйел 4 баласымен елге оралды
Фото:
pixabay.com
Сириядан 4 баласы бар қазақстандық әйел елге қайтарылды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан тарапының сұрауы бойынша Сириядан Тәжікстанға 5 қазақстандықтың - әйел мен төрт баланың жеткізілгені туралы ақпаратты растады. Олар қазір Қазақстанда.
"Иә, растаймыз. Бұл бірнеше күн бұрын болды, олар Қазақстанға әкелінді. Қазір олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бұл - "Жусан" операциясы. Қазақстан Сириядан азаматтарымызды эвакуациялауды жалғастырып жатыр", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан