Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Биыл 1 ақпанда радикалды діни көзқарастағы Түркістан облысының тұрғысы ұсталды. Мұны ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып жасады.
Тергеу материалына сәйкес, ол Қазақстанда терроризмді насихаттаумен қатар, лаңкестік топтар жағында соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға өтуді жоспарлаған.
Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 256-бабы ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария үгіттеу") бойынша кінәлі болып танылған сотталушыға мүлкін тәркілеу, 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз