Сирияда қалған қазақстандықтардың саны қанша?

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирия аумағында қанша қазақстандықтың қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенатта өткен брифингте ол азаматтармен тұрақты байланыс ұстап отырғандарын мәлім етті. 

"30-дан астам қазақстандық. Қателеспесем, 33 адам. Артық емес. Біз бұл азаматтармен тұрақты байланыста болудамыз", - деп сендірді Бақаев.

Министрдің орынбасары Таяу Шығыстан эвакуацияланған қазақстандықтар туралы да айтты.

"Біз Газа секторынан 129 адамды қайтардық, ал Ливаннан эвакуация кезінде 69 адамды шығардық", - деп атап өтті вице-министр.

Ашық дереккөздердегі соңғы мәліметтерге сәйкес, Сириядан Қазақстанға қайтарылған азаматтардың саны 600-ден астамды құрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!