Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат келіп түскен. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", - деп жазылған жеделхатта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!