22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде "Өрт-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасады.
"Бұл іс-шараның мақсаты - басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрттер шыққан кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру", - деп жазылған хабарламада.
Трансшекаралық аумақтағы табиғи өрттерді сөндіруге дайындықты пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылмақ.
"Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 22 мамырда сағат 09.00-де "Баршаның назарына!" сиреналары іске қосылады. Тыныштық сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз", - деді ТЖМ өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!