Маңғыстау облысында апиын жеткізу арнасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұзақ уақыт жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топ әшкере болған.
Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленген. Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын - осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі.
"Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексеру басталды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!