Сирек кездесетін жағдай: Қос жатыры бар әйел екі күнде екі рет босанды

Сирек кездесетін жағдай: Қос жатыры бар әйел екі күнде екі рет босанды
Фото: ANDREA MABRY/UNIVERSITY OF ALABAMA AT BIRMINGHAM

Америкалық әйел "екі мүйізді жатыр" деп аталатын сирек кездесетін диагнозбен екі күнде екі рет босанды. Босану ұзақтығы 20 сағатқа созылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап. 

32 жастағы Келси Хэтчер Алабама университетінің Бирмингем (UAB) ауруханасында сейсенбіде бірінші сәбиін, сәрсенбіде екінші нәрестесін дүниеге әкелді. 

Бір қызығы, олар егіз қыздар болғанымен, туған күндері сәйкес келмейді. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.

17 жасында Хэтчерге оның қос жатыры (uterus didelphys) бар екенін айтқан. UAB мәліметі бойынша, бұл өте сирек кездесетін туа біткен аномалия әйелдердің 0,3%-ында кездеседі. UAB дәрігерлерінің айтуынша, екі жатырлы әйелдің жүкті болу мүмкіндігі өте төмен болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы