Сирек кездесетін жағдай: Ақмола облысында бөлтірік табылды

Ақмола облысында құтқарушылар, полицейлер мен орман қорғаушылары жеке үйдің ауласынан жабайы сілеусінді ұстады. Жыртқыш әлі бір жасқа толмаған бөлтірік болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Сандықтау ауданының Балкашино ауылында болды. Жеке үйлердің бірінің ауласына жабайы сілеусін кіріп кеткен, бұл - өңір үшін сирек кездесетін жағдай. Шақырту бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, орман қорғаушылары мен полицейлер жетті. Жануарға еш зиян келтірмей ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, сілеусін аулада жүрген үй мысығымен "төбелесіп" үлгерген. Кейін ұсталған жыртқыштың жасы бірге де толмағаны анықталды. Ол өз бетінше өмір сүріп кете алмайтын болғандықтан, ол аңшылық шаруашылығына қалдырылды.

Мамандардың айтуынша, сілеусін күш жинап, бейімделген соң шамамен қысқа немесе көктемге қарай қайтадан табиғатқа жіберіледі. Ал жыртқыштың ауыл ортасына қалай тап болғаны белгісіз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз