Атырау облысында 9 тоннадан аса балық тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
"Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары 533 заңбұзушылықты анықтады. Соның нәтижесінде 386 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау баптары бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды. Заңбұзушыларға 11,6 миллион теңге айыппұл салынды.
"Заңсыз айналымнан 9 тонна 729 келі балық, оның ішінде 1 тонна 412,2 келі бекіре тұқымдас балық, 6 келі 028 грамм бекіре уылдырығы, 82 аулау құралы және 25 су көлігі тәркіленді", - деді "Жайық-Каспий" облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушканов.
Бұл бағыттағы тексеріс 31 мамырға дейін жалғасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз