- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сирек кездеседі: дәрігерлер...
Сирек кездеседі: дәрігерлер жасөспірімнің ішегінен үлкен киста алып тастады
Қарағандыда дәрігерлер жасөспірімнің ішегінен үлкен киста алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына бірнеше күн бұрын 14 жастағы бала шұғыл жағдайда түскен. Баланың ішегінде үлкен киста пайда болғаны анықталды. Хирургтар оны алып тастады.
Отаны ауруханының ең үздік хирургтері жасаған. Аш ішекке операция жасау кезінде өлшемдері 10,0х7, 0x6 сантиметрден асатын тығыз консистенция анықталды. Хирургтар кистаны алып тастау туралы шешім қабылдаған.
"Киста толығымен алынды. Операция асқынусыз жасалады. Қазір жасөспірім бөлімшеде, жағдайы тұрақты", - деді дәрігерлер.
Мамандар бұл ауру түрі сирек кездесетінін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова