Сирек кадрлар: Алматы облысында қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтар (Gazella subgutturosa) фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео ұйымның Instagram-парақшасында жарияланған.

"Қарақұйрық - Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында кездесетін, саны күрт азайып кеткен тұяқты жануар. Сондықтан оларды қорғау - баршамыздың ортақ міндетіміз.Шарын ұлттық паркі - мұндай сирек түрлердің сақталып, көбеюіне қолайлы жағдай жасап отырған бірегей табиғи аймақ. Осындай ғажайып сәттер табиғаттың қаншалықты бай әрі нәзік екенін еске салады", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз