Желіде "Алтын-Емел" ұлттық паркі аумағында түсірілген қар барысының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Instagram-парақшада жарияланды.
Парк қызметкері, мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов аумақты жоспарлы аралау кезінде қар барысын видеоға түсіріп алған.
"Бұл – сирек әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген, оның табиғи ортада еркін мекендеуі экожүйенің тұрақтылығы мен сақталуының маңызды көрсеткіші саналады", - делінген жарияланымда.
Алтын-Емел - бұл Жетісу облысындағы ірі мемлекеттік ұлттық табиғи парк, еліміздегі ең танымал туристік нысандардың бірі. Оның негізі 1996 жылы қаланған және ландшафты әртүрлі - шөлді аймақтар, тау сілемдері, каньондар мен далалы алқаптардан тұратын ұлан-ғайыр аумақты алып жатыр.
Парк өзінің бірегей табиғатымен және Қызыл кітапқа енген құландар, қарақұйрықтар мен басқа да сирек кездесетін жануарларымен танымал.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!