- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синтетикалық есірткіні қолдану...
Синтетикалық есірткіні қолдану жыл сайын өсіп бара жатыр - депутат
Ел өңірлерінде есірткілерді толық және уақтылы зерттейтін, сараптама жасайтын орталықтар жетіспейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Заңнама және сот құқықтық комитеті Қарағанды облысына барып, отырыс өткізді. Бұл сапар аясында біз сот сараптамалары институтының жұмысымен таныстық", - дейді ол.
Имашева синтетикалық есірткіні қолдану жыл сайын өсіп бара жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, есірткінің мефедрон, MDMA, PP және тағы басқа түрлері жиі кездеседі.
"Бұл сапар синтетикалық есірткілерді толық және уақтылы зерттеу және сараптау үшін Қазақстанның көптеген облыстарында қазіргі таңда жоқ боп тұрған жоғары технологиялық қымбат жабдық қажет екенін көрсетті. Қарағанды қаласында СADCA әдіснамасы бойынша қоғамдық бастама ұйымдастырылды. Бұл әдістеменің ерекшелігі, жергілікті сипаттарды ескере отырып, барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар есірткіге қарсы күреске қатысуы қажет", - дейді депутат.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz