Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан ҰҚТ жойылды

Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан ҰҚТ жойылды
Фото: Polisia.kz

Ірі қалалар аумағында синтетикалық есірткілерді дайындап, оны өткізуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, Астана мен Алматыда жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды.

"Күдіктілер ұзақ уақыт бойы психотроптық заттарды сатумен, прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, есірткі зертханаларын салу үшін объектілерді дайындаумен айналысқан.

Ұстау барысында үш есірткі зертханасы, екі интернет-есірткі дүкені жойылды, 1 тонна 750 литр химиялық компонент, оның ішінде өткізуге дайын 30 келі мефедрон және альфа-pvp есірткілері тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина