Синоптиктер төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

12 мамырда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"12 мамырда Қарағанды, Балқаш, Теміртау, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан