Синоптиктер төрт қала тұрғындарына ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 27 қыркүйекте Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау қалаларында ауаның ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады", – делінген хабарламада.
Қолайсыз ауа райы – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Синоптиктер 27 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын да ұсынды.
"Солтүстік-батыс антициклонының екпінінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде салқын, негізінен жауын-шашынсыз болады, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кей жерлерде дауыл (жаңбыр, қар жауады), түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі", – деп хабарлады метеорологтар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!