"Қазгидромет" мамандары шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарына Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Орталық Азиядан жылы ауа массаларының келуімен ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды; оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін.
Елдің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының ауысуымен температура фонының ауытқуы болады:
Бірінші онкүндік бойы атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты жаңбырмен, жекелеген күндері қатты жаңбырмен, найзағаймен, бұршақпен, қатты желмен екпіні 15-28 м/с дейін айдың басында елдің батысында, солтүстік-батысында, ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде байқалады, ал осы кезде батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деп болжанып отыр.
Екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде негізінен ыстық және аз бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруіне байланысты, ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа райымен кезектеседі. Ауа температурасының ауытқуы күтіліп отыр:
Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы ҚР солтүстік жартысында климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында - нормадан 1°жоғары болады деп күтіліп отыр. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында нормадан көп, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қостанай облысының батысында - нормадан аз болады деп күтіліп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!