- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер сенбіде 14...
Синоптиктер сенбіде 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 3 ақпанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының солтүстік жартасында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ сақталады.
Қарағанды облысының солтүстік жартасында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан