Синоптиктер сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: freepik

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 5 наурызда республиканың бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстік жартысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан