- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер қыстың алғашқы...
Синоптиктер қыстың алғашқы күнінде 14 өңірде ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері қыстың бірінші күнінде тұман, көктайғақ пен екпіні күшті желге байланысты 14 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында екпіні – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, ал оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Ақтөбе облысының батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан