- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер көктем мен...
Синоптиктер көктем мен жазда ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер көктем және жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәуір мен мамырде ел аумағының басым бөлігінде ауаның орташа температурасы бір айдағы нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері сәуірде республика аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары, еліміздің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде норма шегінде, мамырда жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады.
Көктемде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан циклондар келуіне байланысты жауын-шашын күтіледі: түнгі уақытта жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауады, ал оңтүстік аймақтарда суық ауа массалары келуі мүмкін.
Маусымда ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градус жоғары, яғни әдеттегіден ыстық, елдің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.
Шілде, тамызда Қазақстанда ауаның орташа айлық температурасы норма шамасында, тек тамызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі.
Жаз басында, яғни маусымда алдын ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден аз күтілсе, шілде мен тамызда көптеген облыста жауын-шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, шілдеде елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, ал тамызда орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова