Метеоқызмет синоптиктері жасаған қысқа мерзімді болжамдар бойынша, 26-28 қараша аралығында еліміздің барлық өңірінен көктайғақ күтіледі.
"Қазір Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарындағы көктайғақ шығысқа ауысады. Ал таяу күндері 27-28 қарашада Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады және арты көктайғаққа ұласады. Алдағы үш тәулікте көктайғақ сақталады", − деді "Қазгидромет" кәсіпорнының жетекші инженер-синоптигі Алуа Саханова.
Синоптиктер мәліметінше, жақын күндері антициклон орнына Ресейдің еуропалық аумағынан және Каспийдің оңтүстігінен циклон мен атмосфералық фронттар келеді. "Осыған байланысты жауын-шашын, қар аралас жаңбыр және Қазақстанның барлық облысында көктайғақ болу мүмкіндігі жоғары. Бірақ 28 қарашада батысқа кезекті антициклон келіп, жауын-шашын тоқтайды", − деді Саханова.
Солтүстік-батыста түнде 0-10 градус суық, күндіз -2+3 градус жылы, кей жерлерде 8 градус суық болады. Орталықта түнде 0-5, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады, күндіз 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус суық болады.
Шығыста түнде 0-12 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градус суық. Оңтүстікте ауа райы жылырақ. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус суық. Күндіз 5-15 градус жылы болады. Батыста 28 қарашаға қараған түні ауа температурасы төмендей түседі. Түнде 0-5 градус суық, кей жерлерде 3 градус жылы. Күндіз 0-7 градус жылы және 0-5 градус суық болады.
Дереккөз: tengrinews