Синоптиктер Қазақстанда 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағаймен бірге жаңбыр жауады, 9 маусымда солтүстікте, республика орталығында жауын және бұршақ жауады, шаңды дауыл болады.
"Шығыста 8 маусымда күндіз аптап, республиканың оңтүстік-шығысында 8 маусымда +41 градус, солтүстік-батыста, солтүстікте аптап басылатыны болжанады, орталық және шығыста +20 +28 градусқа дейін болады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!